RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен ТМД елдері адамдарды іздестіру кезінде электронды ақпарат алмасады

30.09.2026, 10:55 46

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжатты Құрылтай екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».

Хаттамаға тараптар 2024 жылғы 8 қазанда Мәскеуде қол қойған.

Өзгерістерге сәйкес, ТМД елдерінің құзыретті органдары арасында электрондық форматта ақпарат алмасу бекітіледі. Бұл қылмыскерлерді іздестіру және олардың жүрген жерін анықтау жөніндегі бірлескен шаралардың жеделдігі мен тиімділігін арттырады.

Іздестіру санаттарына сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген адамдар, хабар-ошарсыз кеткендер, сондай-ақ туыстарымен байланысын жоғалтқан немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын азаматтар кіреді.Хаттаманы ратификациялау іздестіру іс-шаралары кезінде электрондық форматта ақпарат алмасудың құқықтық негізін қалыптастырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz