Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Ландтагының Төрағасы Ильзе Айгнермен кездесті.
Кездесу барысында Президент Германияның жоғары басшылығымен бір күн бұрын Берлинде жүргізілген келіссөздер табысты әрі нәтижелі сипатта өрбігенін атап өтті. Сондай ақ Мемлекет басшысы Баварияның сан қырлы қазақ-герман қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
– Бавария Қазақстанмен сауда-саттықты жандандыру және байланыстарды дамытуда айрықша рөл атқарады. Германия – еліміздің маңызды серіктесі, Еуропадағы және одан тысқары жерлердегі стратегиялық әріптесі саналады. Өйткені еліңіздің ықпалы мен рөлі, жетістіктері Еуропа аумағынан да алысқа таралған. Біз бұған сенімдіміз. Германия – экономикасы жағынан әлемдегі үшінші ел, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тегтер #президент #Бавария #Ильзе Айгнер #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz