RU
Толық нұсқаға өту

Президент Қазақстан-Бавария технологиялық форумына қатысты

30.09.2026, 23:11 43

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйлеп, серіктестікке серпін беретін бағыттарды атады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен, еліміздегі инвесторларға қолайлы жағдай туралы кеңінен мағлұмат берді. Содан кейін өзара тиімді серіктестіктің негізгі бағыттарына тоқталды. Қазақстан машина жасау, металлургия, электр техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісін дамытуды қолға алды. Енді еңбек өнімділігін одан әрі арттыру үшін өндірісті автоматтандырып, роботты техника мен озық технологияларды кеңінен пайдалануға ниетті. Одан бөлек, неміс өнеркәсібі маңызды ресурстардың жеткізілу жолдары сенімді және әр тараптан болуына мүдделі. Қазақстан бұл орайда мыс, титан, алюминий, берилий, тантал, ниобий секілді элементтермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев микроэлектроника, көлік-логистика, агроөнеркәсіп өндірісіндегі ынтымақтастық перспективасына айрықша тоқталды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz