RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының алғашқы отырысы өтті

01.10.2026, 19:31 48

Астанада Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының алғашқы отырысы өтті.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Халық Кеңесі сессиясында айқындаған стратегиялық міндеттері қаралды. Кеңес мүшелері осы міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, тұрақты комитеттер мен Әдеп комиссиясының құрамдарын бекітті. Тұрғындардан түскен ұсыныстармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин азаматтардың бастамаларын жүйелі түрде өңдеп, олардың орындалуын бақылау үшін бірыңғай ақпараттық платформа құруды ұсынды. Бұл жүйе әр ұсыныстың қаралу барысын және оған қатысты қабылданған шешімдерді қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысуына арналған жаңа тетіктерді енгізу мәселесі сөз болды.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының төрағасы:

- Президентіміз Халық Кеңесінің алдында үлкен маңызды міндеттер қойды. Олар бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін кеңейту, қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын жаңа белеске көтеру. Халық Кеңесінің мәні де, тарихи миссиясы да осында. Ел предизенті артқан осы сенімге біз нақты іспен, нәтижелі жұмыспен жауап беруге тиіспіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz