Минскіде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті.
Жиында өзара сауда, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ортақ электр энергетикасы нарығына қатысты мәселелер қаралды. Үкімет басшысы инвестиция мен өндірісті қолдау, бірлескен жобаларды дамыту және көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті. Соңғы бес жылда Қазақстанның көлік секторының жалпы өнімі үш есе өсіп, 14 трлн теңгеден асқан. Отырыс қорытындысында сауда, энергетика және өнеркәсіп салалары бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Кеңестің келесі жиыны желтоқсанда Мәскеуде өтеді.
Тегтер #24KZ #Минск #Беларусь #ЕАЭО елдері #ынтымақтастық #саудаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz