RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

03.10.2026, 14:55 40

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке – Германия бірлігі күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл Германияның табанды әрі жасампаз күш-қуатын, өркендеу жолындағы нық қадамын танытатын айтулы күн екенін атап өтті. 

Сондай-ақ Президент жуырда Германияға жасаған ресми сапарында жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, мазмұнды өткен келіссөздерді жоғары бағалады. 

Мемлекет басшысы Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін кеңейтуге және басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz