RU
Толық нұсқаға өту

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

05.10.2026, 17:00 49

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Эмомали Рахмонмен телефон арқылы тілдесіп, тілегін жеткізді. Тәжікстан Президентінің туған күніне орай жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Оның тәуелсіз Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуына, бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға, елдің ұзақмерзімді дамуына қосқан тарихи үлесін атап өтті. Екі мемлекет арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті және одақтастықты нығайтудағы рөліне де жоғары баға берді. Сондай-ақ олар мемлекетаралық ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша қазақ-тәжік байланысын кеңейтудің маңызына тоқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz