RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Парсы шығанағы логистиканы нығайтады

05.10.2026, 20:25 45

Қазақстан Парсы шығанағына шығатын жаңа логистикалық бағытты күшейте алады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл ретте Оманның Араб теңізіне тікелей шығатын ірі порттары маңызды рөл атқарады. Жаңа дәліз қазақстандық тауарды Парсы шығанағы елдеріне, сонымен қатар Оңтүстік Азия мен Африка нарығына жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. Қазақстан бұған дейін де Оманның транзиттік-көлік әлеуетін экспорт бағыттарын әртараптандырудың тиімді тетігі ретінде қарастырды. Енді көлік саласындағы ынтымақтастық инвестициялық жобалармен ұштасады. Астанаға Оман басшысымен бірге Oman Investment Authority жетекшісі мен елдің экономикалық блогының өкілдері келеді. Сапар қорытындысы бойынша бұған дейін талқыланған бастамалар нақты инвестициялық жобаларға ұласып, жаңа кәсіпорындар мен сауда бағыттары ашылады деп жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz