Өңір әкімдері жылу беру маусымының өту барысын бақылауда ұстауы тиіс. Олжас Бектенов өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты.
Өңір әкімдері жылыту маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отырсын. Жоспарлы параметрлердің бәрі сақталуы керек, сондай-ақ отынның нормативтік қоры мен қосалқы жабдықтардың дайындығын қамтамасыз ету қажет. Халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеңіздер,— деп атап өтті Премьер-министр.
Сондай-ақ Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады. Оның айтуынша, барлық жылу көздерінде отын қоры жасақталған. Сонымен қатар жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр.
Алматы, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары кестеге және ауа райы жағдайына сәйкес қазан айының соңына дейін жүргізіледі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz