RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай мәслихаттармен жұмыс істейтін жаңа кеңес құрады

07.10.2026, 11:17 52

Құрылтай Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құру туралы қаулы қабылдады. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейту, деп хабарлайды «24KZ».

Кеңес мәслихаттардың заңдарды әзірлеуге тұрақты қатысуын және қабылданған заңдардың жергілікті жерлерде қолданылуы бойынша кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар өңірлердегі проблемалар анықталып, жинақталады. Оларды шешу бойынша жүйелі ұсыныстар әзірленіп, өңірлердегі тиімді тәжірибені зерделеу және таратуға ықпал етіледі.

Кеңес құрамына мәслихаттарда жұмыс істеу немесе олармен өзара іс-қимыл тәжірибесі бар Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің депутаттары, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары кіреді.

Өңірлермен тұрақты байланыс орнату үшін Құрылтайдың төрт депутатынан тұратын хатшылық құрылады. Әр депутатқа бес өңірден бекітіледі.

Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелерді қарау үшін тақырыптық жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Олардың жұмысына Құрылтай және мәслихат депутаттары, сарапшылар, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz