RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Емханалардағы кезек мәселесі: Депутат кедергілерді жоюды сұрады

07.10.2026, 12:32 43

«Әділет» партиясының фракциясы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдап, амбулаториялық жағдайда бейінді мамандардың консультациясын және диагностикалық зерттеулерді күту мерзіміне қатысты өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды «24KZ».

Депутат Арман Жансеңгіров биыл қабылданған бұйрық нормаларында бірқатар олқылықтар бар екенін айтып, бұл тұрғындардың шағымына түрткі болып отырғанын атап өтті.

Ресми деректерге сәйкес, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде бейінді мамандардың қолжетімділігіне қатысты 2 925 шағым түскен. Бұл түйткіл көбінесе Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жиі тіркелген. Мәселені талдау барысында бірқатар жүйелік олқылықтар анықталды: бірыңғай шекті күту мерзімі нормативтік тұрғыда бекітілмеген, алғашқы медициналық көмек дәрігерінің қабылдау мерзімі регламенттелмеген және диспансерлік есепте тұрған егде жастағы немесе ауыл тұрғындары үшін мобильді қосымша арқылы ғана жазылу қиындық туғызуда, - деді депутат. 

Осыған байланысты депутат Денсаулық сақтау министрлігіне жоспарлы көмекті күтудің бірыңғай шекті мерзімін, сондай-ақ онкологиялық ауруға күдік болған кезде және балалар үшін қысқартылған мерзімдерді заңнамалық түрде бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, қайта жазылудың емдеу нәтижесіне байланыстырылуын алып тастауды және бейінді дәрігерге тікелей жазылуды тек мобильді қосымшалармен шектемей, тіркеу орындары мен колл-орталықтар арқылы да қолжетімді ету қажеттігін айрықша атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz