RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық өнерге жаңа марапат енгізілмек

07.10.2026, 13:20 45

Қазақ музыкасы мен бейнелеу өнерінің майталмандарына арналған жаңа мемлекеттік марапаттар енгізілмек, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін Құрылтай депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа марапаттардың бірі – «Шәмші Қалдаяқов» медалі. Ол отандық музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталмақ. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы бейнелеу өнерін дамытуға еңбек сіңірген шығармашылық иелеріне берілмек. Бұл атақ суретшілердің, кескіндеме және мүсін өнері шеберлерінің еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Мәдениет пен өнер өкілдеріне арналған марапаттар қатарын толықтыруды бұған дейін Мемлекет басшысы ұсынған болатын.

Ләззат Жылқыбаева, ҚР Құрылтайы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі:

– Заң жобасының негізгі мақсаты отандық мәдениет өнердің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мемлекеттік деңгейде таны және оларды ынталандыру. Осы мақсатта екі жаңа ерекшелік белгісін енгізу ұсынылады. Бірінші – «Шәмші Қалдаяқов» медалі. Аталған медаль отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан, жемісті қызмет атқарып, ерекше еңбек сіңірген азаматтарды марапаттауға тағайындалады. Екіншісі – «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы. Бұл атақ бейнелеу өнері саласында жоғары кәсіби шеберлік танытып, үздік туындыларымен отандық көркем мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткерлерге берілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz