RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай өңірлермен байланысты күшейтеді

07.10.2026, 15:25 53

Құрылтай жанынан мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Бұл шешім Мемлекет басшысының тікелей тапсырмас негізінде жүзеге асып отыр.

Енді республикалық деңгейде қабылданатын заңдар тікелей өңірлерде туындайтын нақты мәселелерді ескере отырып, кеңірек талқыланатын болады. Демек, мәслихаттар халықпен тікелей жұмыс істейді. Кеңес құрамына Құрылтайдың тұрақты комитет депутаттары, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана қаласының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары кіреді. Өңірлермен тұрақты байланыс орнату үшін Құрылтайдың төрт депутатынан тұратын хатшылық құрылады. Олардың әрқайсысына бес өңірден бекітіледі.

Илья Теренченко, ҚР Құрылтай депутаты:

- Хатшылық арқылы өңірлердегі әріптестеріміздің, мәслихат төрағаларының ұсыныстары беріліп, зерделенетін болады. Әрі қарай біз парламентаризм институтымен бірге жұмыс істейміз. Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелерді қарау үшін тақырыптық жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Олардың жұмысына Құрылтай мен мәслихат депутаттары, сарапшылар, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz