RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Құрылтайы

Құрылтайда әйелдердің үлесі 34 пайыздан асады – Имашева

07.10.2026, 16:47 55

Құрылтайдағы әйелдердің үлесі 34 пайыздан асады. Бұл туралы ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Снежанна Имашева айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитетінің отырысында Қазақстандағы әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігі талқыланды.

Имашеваның айтуынша, бұл бағытта Қазақстанда әлі де мәселелер бар. Министрлік басшылары арасында әйелдер аз, ал өңір әкімдері арасында әйелдер іс жүзінде жоқтың қасы.

Бүгінде шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің өкілдігіне қатысты комитет мүшелері көптеген сұрақ қойды. Шынында да, бұл бағытта бізде әлі де мәселелер бар. Комитет мүшелері әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде жеткілікті дәрежеде ұсынылмай отырғанын дұрыс атап өтті. Бізде министрлік басшылары арасында әйелдер өте аз, ал өңірлердің басшылары – әкімдер арасында әйелдер іс жүзінде жоқтың қасы. Алайда квоталарды енгізу бұл жағдайды жақсартуға ықпал етеді, – деді Снежанна Имашева.

Ол квоталардың тиімділігін тек әйелдер санымен бағалауға болмайтынын атап өтті.

Квоталар тек әйелдердің сандық көрсеткішіне ғана бағытталмауы керек. Мұнда сапалық көрсеткіш те болуы тиіс, яғни әйелдердің шешім қабылдау үдерісіне нақты ықпалы маңызды. Қазіргі тәжірибеге сүйенетін болсақ, Құрылтай құрамында әйелдердің үлесі 34 пайыздан асады. Олардың барлығының кәсіби тәжірибесі мол, үлкен бэкграунды бар. Сондықтан, әрине, олар квотаның нәтижесін көрсететін статистика ретінде ғана қалып қоймай, заң шығару үдерісіне нақты ықпал етеді деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ Имашева өңірлердегі мәслихаттар мен ауыл әкімдіктерінде де әйелдердің аз емес екенін айтты. Оның сөзінше, олар өз тәжірибесі мен практикалық біліміне сүйене отырып, шешім қабылдау үдерісіне үлес қосып келеді.

Мұндай көп мөлшердегі әйелдердің болуы саясатқа өз әсерін тигізбей қоймайды. Әйелдердің көзқарасы арқылы да өзгерістер міндетті түрде орын алады, – деді Снежанна Имашева.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz