RU
Толық нұсқаға өту

И. Джавахишвили: Қазақстан Халық Кеңесі - қоғамды топтастырудың жаңа тетігі

07.10.2026, 17:28 46

Қазақстандағы қоғамдық келісім мен діни әралуандық елдегі институционалдық реформалардың маңызды бағыттарының бірі.

Бұл туралы АҚШ-тағы Вебстер университетінің доценті, халықаралық сарапшы Ираклий Джавахишвили айтты. Сарапшының пікірінше, Қазақстанның әлеуметтік және саяси дамуы ел халқының этностық және конфессиялық құрамының алуан түрлілігімен тығыз байланысты. Сондықтан мемлекеттік институттарды жаңғыртуда қоғамдық келісімді сақтау маңызды. Ираклий Джавахишвилидің айтуынша, Қазақстанда азаматтарды нәсіліне, этностық тегіне, тіліне, дініне, және әлеуметтік жағдайына қарай кемсітуге жол бермейтін құқықтық база қалыптасқан. Бұл қылмыстық, еңбек, азаматтық, әлеуметтік және әкімшілік заңнамада қарастырылған. Сондай-ақ халықаралық сарапшы Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына тоқталды. Ол бұл бастаманы қоғамды біріктіруге бағытталған тетік ретінде бағалады.

Ираклий Джавахишвили, АҚШ Вебстер Университетінің доценті, халықаралық сарапшы:

- Қазақстанда 18 конфессияны қамтитын 4 мыңнан астам діни бірлестік тіркелген. Сонымен қатар елде мұсылман, христиан, иудей, буддист және басқа да діни қауымдарға тиесілі мыңдаған ғибадат орыны жұмыс істейді. Ал Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам ұйымдарының және жергілікті органдардың өкілдерін біріктіретін жаңа конституциялық консультативтік тетікті қалыптастыруға жол ашты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz