RU
Толық нұсқаға өту

Премьер-министр Қаратас кен орны мен Kazakhmys Smelting зауытын аралады

08.10.2026, 17:10 51

Премьер-министр Балқаш қаласындағы Қаратас кен орны мен Kazakhmys Smelting зауытын аралады, деп хабарлайды 24KZ.

Кәсіпорындардың жұмысын барлап, тау-кен металлургиясы және мыс балқыту кешендерін жаңғырту барысын, жаңа өнеркәсіп нысандарын іске қосу жоспарын және геологиялық барлау жобаларының нәтижелерін пысықтады. Биылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі мұнда 3,7 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. Осылайша, облыс өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі бойынша Қазақстанда екінші орында тұрақтады. Қаратас мыс кен орнында Үкімет басшысының назарына «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының геологиялық барлау жұмыстары және жер қойнауын зерттеуде қолданылатын заманауи технологиялар жүйесі ұсынылды. «Қазгеология» еліміздің жеті облысында жалпы аумағы 55 мың шаршы шақырымға созылған учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның аясында бұрғылау, жерүсті және аэрогеофизикалық зерттеулер қолға алынған. Өңірде 8 тоннадан астам алтын және 150 мың тонна мыс қоры расталды. Сапар қорытындысы бойынша Премьер-министр геологиялық саланы қолдау шараларының айтарлықтай күшейтілгенін жеткізді.

Айдос Асқаров, «Қаратас» жобасының жетекшісі:

– Біз Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Қаратас кен орнындамыз. Бұл кен орнында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы 2025 жылдан бері далалық геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда аралық нәтижелермен бөлісетін болсам, 9 мың метрден астам саңылау бұрғыланды. Барлық саңылаулар руданы қиып өткен. Бұл жерде болашақта экономикалық тұрғыдан өндіруге сай кен орны болатынына сенімдіміз.

Сұлтан Хасенов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының аға мастері:

– Балқаш мыс қорыту зауыты бағалы металдар қорыту цехы 1998 жылы ашылған. Цех 2 учаскеден құралады. Мұнда алтын, күміс өңделеді. Алтын жылына 10 тонна, күміс жылына 400 тонна өңделеді. Штат бойынша 200 адамнан аса жұмыс істейді. Алтын мен күмістен бөлек, бізде селен, теллурит мидий шығады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz