Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту жөніндегі комитет өз жұмысын бастады. Бүгін оның алғашқы отырысы да өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Жиын барысында қатысушылар Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Комитеттің басты міндеті – Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің қоғамдық және сараптамалық әлеуетін біріктіріп, өзекті мәселелерді талқылау, нақты ұсыныстар әзірлеу. Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі комиссияның жетекшісі Мұрат Әбеновтің пікірінше, бүгінгі басты сын-қатерлердің қатарында қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығы, педагогтер тапшылығы, оқу бағдарламаларының еңбек нарығының нақты сұраныстарынан алшақтығы мәселесі бар. Осыған байланысты комиссия аталған мәселелерді қоғамдық және сараптамалық күн тәртібіне белсенді түрде шығаруды көздеп отыр. Жиында инклюзияны жетілдіру, қоғамдық бастамалар мен азаматтық белсенділікті дамытуға да басымдық берілді.
Ақнұр Тұрдалиева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
- Бүгінгі отырыста біз 2026-2027 жылдарға арналған комитеттің жұмыс жоспарын құрдық, талқыладық және де саларалық комиссияларға бөліндік. Үш нақты тұрақты комиссия құрылды. Ол білім, ғылым және де әлеуметтік саясат бойынша және үшінші ол – азаматтық қатысу және волонтерлікті дамыту бойынша комиссия мүшелері анықталды. Әрі комитеттің ары қарай жоспары, жобалары талқыланды. Ұсыныстар берілді.
Тегтер #24KZ #халық кеңесі #азаматтық қоғам #қоғамдық бастамалар #комитет #волонтерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz