Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы және Алматы облысына жұмыс сапары барысында жол-көлік инфрақұрылымының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды 24KZ.
Нұрлыбек Нәлібаев алдымен Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Оның аясында терминал және ұшу-қону жолақтарын жаңғырту, жүк перронын салу және сервистік нысандарды дамыту көзделген. Одан кейін 8 шақырымдық «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолының төрт жолаққа дейін кеңейтілуі жоспарланған аумақты «Алматы – Бішкек» автожолының 7 шақырымын қайта жаңғырту жобасын қарап шықты. Мұнда жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіліп, екі жолайырық және тоғыз жерүсті жүргінші өткелі салынады. Жоба Алматы мен қала маңындағы негізгі бағыттардың бірінің көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол инфрақұрылымының мүмкіндігін кеңейтеді.
Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
– Бұл жоба – Президентіміздің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан өте маңызды жоба. Үкімет тиісті қаражатты бөлді. 34 млрд осы 8 шақырымға, екінші жоба 5 шақырымға бөлінді. Енді тездетіп жасаңыздар. Сіз жаңа қараша айында іске қосылады деп айттыңыз. Ол өте ұзақ. Мұны тездетіп іске қосу керек. Бұған өте қатты назар аударыңыздар, сосын сапаға мән беріңіздер. Тек бұл жобаға емес, бүкіл еліміздегі жасалып жатқан жолдардың сапасына біз қатты назар аударуымыз керек. Мемлекет басшысы өткенде сапаға байланысты сын айтты.
Ауруханалар құрылысы тексерілді
Сапар барысында бірінші вице-премьер Ұлттық қор қаржысы салынған ірі әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен де танысты. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінуде. Тек биылдың өзіне қаралған 1,5 трлн теңге қаржының, шамамен 60-70 пайызы денсаулық сақтау саласына бағытталған. Алматыдағы сондай жобалардың бірі, Қалқаман шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана. Ол жаңартудан кейін 900 орындық болады.
Тегтер #24KZ #Алматы #инфрақұрылым #әлеуметтік жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz