RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен ЕҚЫҰ меморандумға қол қойды

08.10.2026, 22:30 35

Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты 2030 жылдың соңына дейін ұзартты. Тиісті жаңа меморандумға бүгін Варшавада Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев пен бюро директоры Мария Телалиан қол қойды. Бюро басшысы Қазақстанмен әріптестіктің маңызына тоқталып, елімізде адам құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформаларды атап өтті. Құжат омбудсмен институтының әлеуетін арттырып, азаматтардың құқықтық сауатын көтеруді және азаматтық қоғаммен байланысты нығайтуды көздейді. Тараптар цифрлық технологияның дамуына байланысты адам құқықтары саласында туындайтын жаңа сын-қатерлерді бірлесіп шешуге ниетті, деп хабарлайды 24KZ.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:

– Бұл меморандум біздің ашықтыққа, адамды басты құндылық деп тану қағидатына және адам құқықтарын тиімді қорғауға берік ұстанымымызды көрсетеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы да серіктестікке мүдделі. Өз тарапымыздан түрлі бағыттағы әріптестікке әрдайым дайынбыз. Бұл адам құқықтарын қорғау жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz