RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтады

08.10.2026, 22:35 44

Әлемде геосаяси жағдай құбылып тұрған шақта жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтады. Қытайдың халықаралық мәселелер академиясы Еуразия орталығының директоры Ли Цзыго осындай пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, дүниежүзі өзгеріске ұшырап жатқан тұста сауатты әрекет ету үшін мемлекеттік басқару тиімді болуы тиіс. Ал жүргізілген реформа бұған жол ашады. Жаңа өзгерістер қоғамның барлық саласына оң әсер етеді, деп хабарлайды 24KZ.

Ли Цзыго, Қытай халықаралық мәселелер академиясы Еуразия орталығының директоры:

– Бұл әлем қатты өзгеріп жатқан кезеңде жасалған маңызды саяси қадам. Ол халықаралық саясаттан бөлек, әлеуметтің әлеуетін арттырады. Мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жаңа Конституцияның әсері орасан. Қазақстанда оның жартысынан көп бөлігі заман талабына сай өзгертіліп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz