RU
Толық нұсқаға өту

ЕО сарапшылары еліміздегі саяси реформаларды оң бағалады

10.10.2026, 08:30 41

Қазақстандағы конституциялық реформалар саяси институттардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтты, деп хабарлайды 24KZ.

Еуропалық саясаткерлер осындай пікірде. Еліміздегі оң өзгерістер, әсіресе, Еуропарламент депутаттарының жіті назарында. Франциялық депутат Тьерри Мариани бір палаталы парламенттік жүйеге көшуді қолдап, Құрылтайдың жаңа құрамымен серіктестікті дамытуға дайын екенін жеткізді. Саясаткердің пікірінше, бүгінгі реформалар – Қазақстанның ұзақ жылдар бойы жүргізген жұмыстарының заңды жалғасы.

Тьерри Мариани, Еуропарламент депутаты:

– Конституциялық реформа елдің дұрыс бағытта келе жатқанын айқындайды. Тәуелсіздік алған 35 жыл ішінде. Жаңа Конституцияның арқасында ел демократия бағытында тағы бір қадам жасады. Әрине, алда атқарылатын жұмыс аз емес. Бірақ Франция да, Еуропалық Одақ та қазіргі дәрежесіне 35 жылда жеткен жоқ.

Брюссельдегі Геосаясат институтының сарапшылары да еліміздің мемлекеттік басқару саласындағы өзгерістерін оң бағалап отыр. Олардың пікірінше, Жаңа Ата заң жаңартылған өкілеттіктері бар бір палаталы Құрылтай құруды қарастырады. Бұған қоса, судьялардың тәуелсіздігі мен азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететін негізгі кепілдіктер сақталады. Бұл реформалар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтады.

Валерия Санти, Брюссельдегі Геосаясат институтының аға ғылыми қызметкері:

– Бұл реформалар Қазақстанда азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет ететін мемлекеттік институттарды қалыптастыруға көмектеседі деп сенеміз. Әсіресе бұл процеске азшылық топтар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысып жатқанын ерекше атап өткім келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz