RU
Толық нұсқаға өту

Президент Каспий теңізін бақылауға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды

10.10.2026, 13:07 41

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің экологиялық жағдайын бақылауға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.

«Платформа спутниктік технологияларды, жасанды интеллектті және болжам жасау жүйелерін қолдана отырып, бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге экологиялық сын-қатерлерді уақтылы анықтауға көмектеседі. Мұндай платформа Каспий экожүйесін басқаруға арналған заманауи технологияларды ғалымдардың, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың жұмысына ортақ цифрлық негіз болады деді», - Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

– Су ресурстарының жай-күйі, жағалаудың өзгеруі, биоалуантүрлілік, ластану, өзен ағыны және басқа да негізгі параметрлер бойынша мәліметтерді өңдеп, талдау үшін бірыңғай цифрлық платформа құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Спутниктік технологиялар, жасанды интеллект және болжам жасаудың заманауи жүйелері нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге, экологиялық сын-қатерлерді уақтылы анықтап, реттеуге мүмкіндік береді. Мұндай платформа ғалымдарымыздың, салалық мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың жұмысына ортақ цифрлық негіз болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz