Қазақстандық зығыр Бельгияда жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды 24KZ.
Еліміз ауылшаруашылық өнімінен бөлек бұл мемлекетке титан және одан жасалатын бұйымдарды да экспорттайды. Ал Бельгиядан дәрі-дәрмек, вакцина, ауыл шаруашылығы техникасы мен өнеркәсіптік жабдықтар жеткізіледі. Қазақстанның Бельгияға экспорты былтыр шамамен 310 миллион долларды, ал импорты 270 миллион долларды құрады. Былтыр Бельгияға зығыр тұқымының экспорты екі еседен астам өсіп, 164 миллион долларға жетті. Ірі сатып алушылардың бірі Мускрон қаласындағы отбасылық кәсіпорын. Ол жыл сайын 120 мың тоннаға жуық шикізат өңдейді. Компания зығыр тұқымынан май, бояу, сабын және линолеум өндірісіне қажетті өнімдер алады. Енді осындай кәсіпорынды Қазақстанда ашу қарастырылып жатыр. Бұл бастама алдағы уақытта Еуропаға шикізатты ғана емес, дайын өнімді де экспорттауға мүмкіндік береді.
Анри-Франсуа Вандепутте, Vandeputte Group компаниясының сатып алу жөніндегі директоры:
- Біз Филипп патшаның Қазақстанға мемлекеттік сапарына қатысамыз. Сол жерде қазақстандық экспорттаушылармен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу мүмкіндігін талқылаймыз. Сонымен қатар Қазақстанның өзінде зығыр тұқымын өңдеп, май өндіретін зауыт салуға инвестиция құю жолдарын қарастырып жатырмыз.
Тегтер #Бельгия #бизнес #Қазақстан #Бельгиялықтар королі Филипп #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz