Вице-Президент Ерлан Қарин балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған кеңес өткізді.
Жиында 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері талқыланды. Елде соңғы үш жылда балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған 11 заң қабылданды. 2024 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандарға қатысты аса ауыр қылмыстар 45 пайызға азайған. Ал «111» байланыс орталығы арқылы қиын жағдайға тап болған балаларға тоғыз мың жағдайда көмек көрсетіліп, 73 суицидтің алдын алған. Қазір мүгедектігі бар балаларды кешенді қолдау жөніндегі заң жобасы әзірленіп жатыр. Ерлан Қарин құжатта нақты көмек тетіктері мен мемлекеттік органдардың міндеттері айқындалуы қажет екенін атап өтті. Кеңес қорытындысында өңірлерге Президент тапсырмаларының орындалуын ай сайын бақылау жүктелді. Балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыс республикалық деңгейде кемінде екі айда бір рет қаралады.
Тегтер #Вицепрезидент #балалардың құқықтары #кеңесPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz