RU
Толық нұсқаға өту
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Аустрия мен Пәкістандағы Қазақстан елшілерін тағайындады

13.10.2026, 11:58 35

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. 

Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz