RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын Алматыға шығарып салды

14.10.2026, 10:16 88

Бүгін Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды. 

Мәртебелі меймандардың Қазақстанға сапары Алматыда жалғасады. Корольдік жұп этноауыл мен қаланың мәдени көрікті жерлерін аралайды. Еске салайық, сапар бағдарламасында қонақтарды қазақ халқының бай рухани мұрасымен және салт-дәстүрімен таныстыруға ерекше мән берілген. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясына барған кезде корольдік жұп шет мемлекеттердің басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды жылқыларды тамашалады. Король мен Патшайымға сәйгүліктердің шығу тегі, оларды күтіп-баптау ерекшеліктері туралы ақпарат беріліп, ұлттық ат спорты ойындары көрсетілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz