RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

14.10.2026, 13:21 38

Елде спорт инфрақұрылымы жетілдіріліп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президентін қабылдауында осылай деді.

Сондай-ақ бұқаралық және кәсіби спортты дамытып, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге де қажетті жағдай жасалып жатқандығын айтты. Сосын қонағы Хусейн Әл-Мусалламға су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады. Отандық атлеттердің халықаралық деңгейдегі жетістіктерін тілге тиек етті. Мәселен, Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы тарихи жеңісі мен Әділбек Мусиннің Азия ойындарында қола медальға ие болғанын еске салды. Бұны Хусейн Әл-Мусаллам қуаттап қана қоймай, елдің спорт саласын өркендетуге әлеуеті зор екенін жеткізді. Қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарындағы көрсеткен шеберліктері соны айғақтайды. Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz