Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Metals and Minerals Compact жаһандық бастамасына қосылған Орталық Азия бойынша алғашқы ел атанды, деп хабарлайды 24KZ.
Әріптестік шеңберінде 2031 жылға дейін елдің тау-кен металлургия саласына шамамен 20 млрд доллар инвестиция тартылады. Қаражат геологиялық барлауға, шикізатты өндіру мен терең өңдеуге және заманауи технологиялар мен инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – саланы реттеу тетіктерін жетілдіру, білікті мамандар даярлау және жеке инвестицияларды арттыру. Бастама шикізаттан қосылған құны жоғары өнім өндіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның жаһандық өндіріс тізбегіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.
Тегтер #24KZ #дүниежүзілік банк #Орталық Азия #жаһандық бастама #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz