RU
Толық нұсқаға өту

Елде 200-ден астам азамат мемлекеттік жәрдемақыдан бас тартты

16.10.2026, 15:15 32

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомство SMS-хабарламалар жіберіп, осындай дерек тіркеген, деп хабарлайды 24KZ.

Министрлік eGov Mobile қосымшасына енгізілетін жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту қызметінің жаңа жобасын таныстырды. Оның көмегімен әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрмысы жоғары азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн режимде төлемдерден бас тарта алады. Десе де, көмекке мұқтаж жандарға мемлекеттік қолдаудың қазіргі тәртібі толық сақталады. Ал әл-ауқаты жоғары азаматтарға қатысты деректерге қосымша тексеру жүргізіліп жатыр. Олар үшін әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің тек 14-іне қатысты өзгерістер болады. Қалған 22 түрі бойынша қолданыстағы төлем тетіктері сақталады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру бойынша кеңесте осы тақырып талқыланды.

Ерасыл Жұманбаев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы:

– Атаулы әлеуметтік көмек беру немесе тағайындау кезінде біз қазіргі таңда біз ЖИ қолданамыз. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ашықтық пайда болды. Сонымен қатар бұл жүйеде тағайындау уақыты қысқарды. Мұны да атап өтсек болады. Сонымен қатар жалпы бұл жүйе республикалық дейңгей қолданып, мониторинг жүргізетін болады.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы 480 355 мұқтаж отбасының өмір сүру жағдайы жақсарып, әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылған. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 464 158 отбасы осы санатқа көшті. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру реформасы қаралды. «Отбасының цифрлық картасы» 20 млн-нан астам азаматқа қатысты деректер бар. Жүйе 6,2 млн үй шаруашылығына қатысты деректер біріктірілген. Мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар азаматтардың нақты тұрмыс жағдайын ескеріп тексереді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz