Президент Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуандылықты сақтау жөніндегі қор құруды ұсынды.
Бұған шетелдік серіктестерді үн қосуға шақырды. Бұл бастаманы биоалуандылықты сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама толықтыра түспек. Мерзімі 10 жыл. Құжатта табиғи мекендеу орталарын қалпына келтіру көзделген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісі кеңейтіледі. Мемлекет басшысы ұлттық генетикалық биоалуандылық банкі де құрылып жатқанынан хабардар етті. Сондай-ақ су ресурстарын басқаруда берік байланыс қажет екеніне тоқталды. Мысалы, былтыр Қазақстан БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсынған. Мүдделес мемлекеттер біріксе болады. Мақсат айқын. Өзен-көлдер мен сулы-батпақты алқаптардың жай-күйіне тәуелді табиғи экожүйелер қорғалуы керек.
Тегтер #Таңдаулы #президент #биоалуандылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz