RU
Толық нұсқаға өту

«Әділет» партиясы: «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту қажет

17.10.2026, 13:40 46

Астанада «Әділет» партиясының салалық кеңесі ауыл шаруашылығына арналған алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Оған кәсіпкерлер, қауымдастық мүшелері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жиында ұйымның 2031-ші жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Партия төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолдауды арттыруды ұсынды. Айтуынша, «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында өндірістік нысандар салуға арналған қаржыландыру көлемін 80 млн теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, табысын арттыруға сеп болмақ. Отырыста сондай-ақ астық нарығындағы ахуал сөз болды. Сала мамандары өндіріс шығындарына байланысты күнбағыс тұқымына салынатын экспорттық баж салығын уақытша төмендетуді сұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz