Биылғы 9 айда қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 14,6 пайызға, соның ішінде қоғамдық орындардағы құқықбұзушылық 22,3 пайызға, көшедегі заңға қайшы әрекеттер 20,1 пайызға азайды.
Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Бас прокурор Берік Асылов айтты. Президент елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының басым бағыттар бойынша атқарған жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдады. Қазір құқық қорғау органдарымен және мүдделі құрылымдармен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күрес бойынша жан-жақты шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын активтер қайтарылды. Осы қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы мен реконструкциясы қаржыландырылды, оның 378-і аяқталды.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #Бас прокурор #қабылдау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz