RU
Толық нұсқаға өту

ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ортақ мәселелерді талқылады

20.10.2026, 19:30 43

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының арнайы жұмыс тобына төрағалық ете отырып, барлық процестердің ашықтығын арттыру, цифрландыру және бір-іздендіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Душанбеде өткен жиында мәлімдеді. Премьер-министр Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Алқалы жиында басқосқандар ұйым қызметін жетілдіру шеңберінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов, өзара сауданы кеңейту, көлік-логистикалық инфрақұрылым мен цифрлық байланысты дамыту қажеттігін жеткізді. Жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі нақты шараларға тоқталды. Қазақстанның цифрлық экономиканы дамытудағы тәжірибесін атады. 2035-ші жылға дейінгі Көлік байланысы стратегиясында бірыңғай көлік жүйесін қалыптастырудың негізгі бағдарларын айқындауды ұсынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz