RU
Толық нұсқаға өту
quryltai.kz

ТүркіПА отырысы: Түркі елдері жасанды интеллект мен цифрлық кодекс бағытында біріге ме?

21.10.2026, 10:21 38

Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының (ТүркіПА) Бішкекте өткен он бесінші пленарлық отырысында Қазақстан ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды. Құжат түркі мемлекеттерінде цифрлық құқық саласындағы ортақ ұстанымдар мен негізгі ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды «24KZ»

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, бұл түркітілдес елдердің байланысын нығайта түседі. Бішкек декларациясы аймақ елдеріне әлеуметтік-саяси салада ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект мен цифрлық технологиялар саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға жол ашады, дейді сарапшы. Бүгінгі таңда халық саны 180 миллионнан асатын үлкен нарықта ортақ цифрлық кодекс әзірлеу және деректерді басқару тетіктерін біріктіру өте маңызды. Бұл бастамалар мемлекетаралық ақпарат алмасуды ғана емес, тауар айналымы, экономикалық және гуманитарлық байланыстардың транспарентті әрі жүйелі қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саясаттанушы түркі елдерінің саяси ұстанымдары әртүрлі болғанымен, логистика, цифрландыру және қайта өңдеу технологиялары бағытындағы ортақ көзқарастары аймақтық жобаларды жүзеге асыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Нұрболат Нышанбай: Тұран университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры

«Түркі отырыстарының өзге декларациялармен салыстырғанда бұл жолы расында да Түркі мемлекеттер ұйымы парламенттік заң шығарушы орган деңгейінде тек қана әлеуметтік, саяси, мәдени бағытта емес, сонымен қатар жасанды интеллект, цифрлы технологиялар саласында тізе қосып ортақ жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Бұл болашақ үшін өте маңызды, себебі соңғы жылдары бүкіл әлем бойынша жасанды интеллектіні реттеу, оның авторлық құқықпен қарым-қатынасы, жалпы оның ұлттық деңгейдегі статусы туралы көптеген мәселелер көтерілген.»

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz