Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтіліп, қауіптің алдын алатын «Электрондық қорғаныс аймағы» пилоттық жобасы іске қосылуы мүмкін. Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова елімізде орын алған резонансты қайғылы оқиғалардан кейін құқық қорғау органдарына шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».
Соңғы айларда елді дүр сілкіндірген ауыр қылмыстар қоғамдағы қауіпсіздік мәселесін қайта өзектендірді. Атап айтқанда, 13 шілдеде Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова қатыгездікпен өлтірілсе, 23 қыркүйекте Астанада екі баланың анасы Жазира Адауова бұрынғы жұбайының қолынан қаза тапты. Осы орайда қолданыстағы қорғау тетіктері зорлық-зомбылық болғаннан кейін ғана әрекет етпей, қауіпті алдын ала анықтап, оның жолын кесуге қаншалықты мүмкіндік береді деген маңызды сұрақ туындайды. Ендігі міндет – қолда бар құқықтық және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, адамның өмірін қорғау, - деді депутат Айжан Аймағанова.
Халық қалаулысының айтуынша, бұл мәселені шешу үшін нөлден бастап қымбат ақпараттық жүйе құрудың қажеті жоқ. Қазақстанда профилактикалық есепке алу мен электрондық бақылаудың қажетті тетіктері бұрыннан бар. Мұндай тиімді тәжірибе шетелдерде, атап айтқанда Францияда сәтті қолданылып жүр.
Осыған байланысты депутат Ішкі істер министрлігіне мынадай 3 маңызды ұсыныс жолдады:
Жекелеген өңірлерде «Электрондық қорғаныс аймағы» жүйесін сынақтан өткізу.
Қауіп сигналы түскен кезде полицияның әрекет ету тәртібін айқындайтын міндетті алгоритм бекіту.
Барлық сигналдар мен оларға қабылданған шараларды автоматты түрде цифрлық базаға тіркеу.
Тегтер #Айжан Аймағанова #құрылтай #тұрмыстық зорлық зомбылық #24жаңалықтар #24KZЗаң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланып, қауіпті жағдайларды уақытылы анықтап, оның алдын алуымыз шарт, - деп атап өтті депутат.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz