Қазақстан Президентінің әлемдік бастамалары жаһан елдерін бірлік пен қауіпсіздікке үндейді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай ұсынысы болсын бейбітшілік пен бітімгершілікті көздейді. Бұл қазақстандық саясаттанушылардың пікірі. Айталық, былтыр күзде Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Мемлекет басшысы БҰҰ-на қарасты Қауіпсіздік Кеңесін реформалап, «орта державалардың» ролін арттыруды ұсынды. Сонымен қатар биологиялық қауіптерден қорғану үшін арнайы Халықаралық агенттік құру керектігін тілге тиек етті. Тіпті Ұйым Жарғысының сақталмайтынын алға тартып, оның әлем елдері үшін қауіпті екенін баса айтты. Ал Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысты Президент былтырдан бері маңызды мінберлерде жиі көтеріп келеді. Себебі келешекте мемлекеттер су үшін бір-бірімен қырқыспауы тиіс.
Нұрболат Нышанбай, саясаттанушы:
«Мысалы, былтырдың өзінде әлемнің 20 елінде қақтығыс болды. Салдарынан 100 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл деген Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда көп көрсеткіш. Сондықтан Әзербайжанда өткен CICА /АӨСШК/ отырысында Мемлекет басшысы атап өтті. CICА /АӨСШК/ ұйымына Азия халқының 90 пайызға жуығы мүше. Бірақ дүниежүзілік су қорының 35 пайызы осы Азия құрлығына тиесілі. Нәтижесінде осы су тапшылығы, ауыл шаруашылығына байланысты, егін шаруашылығына байланысты ортақ дипломатиялық жүйе қалыптаспай, болашақта су тек мемлекеттердің арасында түсініспеушіліктің негізі емес, экономикалық мәселе тудыруы да мүмкін».
Тегтер #президент #жетістіктер #Қасым Жомарт Тоқаев #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz