RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда құны $4,8 млрд құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылады

22.10.2026, 15:30 38

Қазақстанда жалпы құны 4,8 млрд доллар болатын инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты 22 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды «24KZ».

Келісімдер энергетика, көлік, өнеркәсіп, медицина және білім беру салаларын қамтиды. Ірі жобалардың бірі – Қостанай облысында қуаты 1000 мегаватт жел электр стансасын салу. Оған 730 млн доллар инвестиция тарту жоспарланған. Сондай-ақ өңірлерде 20 инклюзивті мектеп ашу және Құрық портында көпфункционалды терминал салу көзделіп отыр. Әр жобаның құны – бір млрд доллар. Бұдан бөлек, қуаты 250 МВт деректер орталығын салу, халықаралық медициналық қалашық құру және ет кластерін дамыту жоспарланған. Жаңа бастамалар өндірістік әлеуетті кеңейтіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz