RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Креативті экономика туралы» заң жобасы талқыланды

22.10.2026, 15:40 35

Креативті экономиканы дамыту жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылуы мүмкін. Бүгін Астанада «Креативті экономика туралы» заң жобасын талқылауға арналған көшпелі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Жиынға қатысқан Креативті индустрия одағының өкілдері осындай ұсыныс айтты. Одақ мүшелері аталмыш сала мықты дамыған мемлекеттердің тәжірибесін талдап, бірқатар тұжырымға келген. Соның бірі – мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіру. Құрылтай депутаты Дархан Ахмедиевтің айтуынша, «креативті индустрияның экономикадағы үлесі 1% аспайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 3%-ға жеткізу жоспарланып отыр. «Жаңа заң шығармашылық адамдарының дамуына жағдай жасап, осы қызмет түрлерін экспорттауға мүмкіндік береді», – деді депутат.

Дархан Ахмедиев, ҚР Құрылтай депутаты:

– Креативті экономика тақырыбын көтеріп отырмыз. Бұл бағытта жаңа заң жобасын дайындап жатырмыз. Бұл – біздің депутаттардың инициативасы. Негізгі мақсат – біздің Қазақстандағы таланттарға жағдай жасау, олардың өнерлерін, керавтивті экономикада жұмыс жасап жатқан азаматтарға экспортқа шығару жолдарына көмек жасау, яғни заң жүзінде жақсы, дұрыс нормаларды енгізу.

Давид Туганов, Креативті индустрия альянсының президенті:

– Біз креативті индустрияда үлкен жетістіктерге жеткен елдерге жан-жақты талдау жасадық. Барлық жерде ұқсас жүйе байқалды. Біріншіден, ол мемлекеттерде арнайы орган болды. Басқарушы мекеме немесе министрлер кабинетінің тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Ондағы горизонтальды интеграцияның қалай жүріп жатқанын анық аңғарды. Бұл ауқымды саланы жалғыз министрлікке дамыту қиын. Сондықтан шамамен 12 мемлекеттік органның жұмысын үйлестіру қажет. Біз саланы дамыту үшін ведомствоаралық кеңес құруды ұсындық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz