RU
Толық нұсқаға өту

Су айдындарында балық қоры жасанды жолмен молайтылады

22.10.2026, 15:50 42

Алдағы 4 жылда балық шаруашылығын ширату үшін 41 инвестициялық жоба пысықталып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Жалпы бағасы – 60 млрд теңге. Осы мәселе Құрылтайда көтерілді. Енді санды сөйлетсек. Былтыр елде тауарлық балық өсіру көлемі 23 мың тоннаға жетті. Өсім – 26 пайыз. Бірақ ғылыми негізге сүйенсе жыл сайын суға 150 млн дана шабақ жіберілуі керек. Ал бізде бағалы балық түрлерінің 22 млн-ға жуық шабағы ғана өсіріліп, айдындарға жіберіледі. Демек, кемшілікті ескеріп, түзету керек. Жоспар былай. Табиғи су айдындарындағы балық қорын жасанды жолмен молайту. Сондай-ақ Атырау бекіре балық өсіру зауытын жаңғырту, Петропавл және Қамыстыбас балық питомниктерінің өндірістік инфрақұрылымын дамыту жайы талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz