Өзбекстанда Республика күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара Шыршық қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалында ұйымдастырылды. Конференция барысында Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы даму жолы, сондай-ақ экономика, білім беру және әлеуметтік саладағы жетістіктері талқыланды. Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе академиялық алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге және университеттер арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Равшан Икрамов, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің бірінші проректоры:
- Барша қазақ халқын Республика күнімен құттықтаймыз! Екі ел арасындағы достық пен бауырластық қатынастар нығая берсін! Білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастық жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын! Биыл Шыршық қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураға құжат қабылдай бастадық. Білім беру саласындағы осындай бастамалар халықтар арасындағы байланысты бекемдей түсетініне сенімдімін.
Тегтер #Өзбекстан #республика күні #RepublicDayKazakhstan #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz