Қазақстандағы конституциялық реформа мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды жүйелі түрде қайта қалыптастыруға бағытталған.
Заңдардың айқындығы мен әділеттілігі азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейтеді. Қытай халық университетінің профессоры Сюй Циньхуа осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл ауқымды саяси реформа Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы мен халықаралық тұрақтылыққа оң ықпал етеді.
Сюй Циньхуа, Қытай халық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры:
- Жер-жаһанда тәуекелдер көбейген тұста ішкі басқару жүйесін оңтайландыру инвестициялық ахуалды жақсартып, Қазақстанның халықаралық беделін арттырады. Ал адам құқықтары мен заң үстемдігі қағидаттарының Конституцияда нақты бекітілуі азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтады. Бұл елдің бірлігін арттырып, халықаралық аренадағы стратегиялық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Тегтер #конституциялық реформа #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz