Қазақстанның барлық өңірінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті анықтау жұмысы жедел аяқталуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы алдағы міндеттерге тоқталған сөзінде айтты.
Президенттің айтуынша, елдің тұрақты дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру маңызды. Азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін оларды қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты негізгі назар құрылыс жұмыстарына аударылады.
Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бірінші кезекте облыстардағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті жан-жақты зерттеп, талдау жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #инфрақұрлым #әлеуметтік нысанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz