RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады

28.10.2026, 11:49 47

Мемлекет басшысы Жолдауда елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінетінін айтты.

Сонымен бірге барлық өңірді қамтитын «Халықтық құрылыс» бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ұлттық экономиканы жандандыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Жолдауда былай деді: 

«Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады. 
Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек. 
Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет. 
Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін. 
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. 
Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz