Қазақстанда шаруаларды ұзақ мерзімге арналған инвестициялық қаражатпен қамтамасыз ететін тиімді қаржыландыру жүйесі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталған кезде айтты.
Президенттің айтуынша, былтыр ауыл шаруашылығы шамамен 6%-ға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 трлн теңгеге жетті. Ал жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған.
Дегенмен бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктерге және айналымдағы қаражатты толықтыруға жұмсалып отыр. Мемлекет басшысы шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін қаржыландыру тетіктерін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ауыл шаруашылығы #жолдау 2026 #президентҮкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz