Қазақстанда инвестиция тарту және инвесторларды қолдау жүйесін бір орталықтан басқару тәсілін жетілдіру қажет. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты белсендірек жүргізуді «Бәйтерек» холдингіне жүктеуді ұсынды.
Президенттің айтуынша, әлемде инвестиция тарту бәсекесі күшейіп келеді. Мұндай жағдайда жедел шешім қабылдап, жылдам әрекет ету маңызды. Алайда елімізде инвестор тарту және оларға жан-жақты қолдау көрсету ісінде бірізділік жоқ.
Әрбір мекеме немесе жеке тұлға ойында не бар болса, соны істей береді. Нәтижесінде кешенді көзқарас та, үйлесімділік те, сабырлық та, білім де жетіспейді. Сондықтан инвестиция тарту ісін бір орталықтан басқаруға мүмкіндік беретін тұтас жүйені жетілдіре түсу керек, – деді Президент.
Мемлекет басшысының пікірінше, қазір бірнеше мемлекеттік органға бірдей құзыреттер берілген, ал мұндай тәсілдер заман талабына сай келмейді.
Президент инвестиция тарту мәселелерімен «Бәйтерек» холдингі белсендірек айналысса, дұрыс шешім болатынын айтты. Ал Экономика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі инвестицияға қатысты өз құзыреттерінің бір бөлігін орындауды жалғастырады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жолдау 2026 #президент #инвестицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz