Елде жалақының ең төменгі мөлшері кезең-кезеңімен көбейеді. Президент Жолдау аясында Үкіметке осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды 24KZ.
Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән беріледі. Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап осы салада жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 млн адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.
Тегтер #24KZ #жолдау 2026 #жалақы #үкімет #Қасым–Жомарт ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz