RU
Толық нұсқаға өту

Су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалану қағидаты енгізіледі

28.10.2026, 13:40 37

Үкімет Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құру жұмысын қысқа мерзімде аяқтауы керек. Өз жолдауында мемлекет басшысы министрлер кабинетіне осындай жаңа міндет жүктеді, деп хабарлайды 24KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев суға ұқыпты қарау шаруашылық жүргізудің міндетті қағидатына айналуы керектігін жеткізді. Елде су ресурстарын толық әрі нақты есепке алу үшін цифрлық құралдарды кеңінен пайдалану маңызды екенін еске салды. «Бұл жаңа өндіріс орындарын жоспарлау кезінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Еліміздегі су тапшылығы мәселесі жүйелі әрі батыл шаралар қабылдауды талап ететінін ерекше атап өткім келеді. Ең алдымен, қазіргі жағдайда құндылығын асыра бағалау қиын су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалану қағидаттарын барлық жерде енгізу қажет. Үкімет пен әкімдіктер су тұтынуды бақылауды күшейтіп, желілердегі шығынды азайтуға және ауызсуды мақсатсыз пайдалануға, оның ішінде автокөлік жуу орындарында жұмсауға жол бермеуге тиіс. Су өзінің нақты құнымен бағалануы керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет су тұтыну саласында ауқымды тарифтік реформаны бастады. Оны қисынды аяқталуына дейін жеткізу қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz