RU
Толық нұсқаға өту

Елде жол сапасына бақылау күшейеді

28.10.2026, 15:30 52

Елдегі ойдым-ойдым жолдарға асфальт сапасын сылтау етіп, ақталуды доғару керек. Мемлекет басшысы Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жай-күйіне бірдей жауапкершілік алуды тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.

Себебі елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін күре жолдың заманауи әрі мінсіз болуы маңызды, инфрақұрылымды да қалыптастыру керек. Әсіресе жүк тасымалы артып келе жатқан солтүстік өңірлердегі жолдар тақтайдай болуы шарт. Осыған байланысты «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейту тапсырылды. Сонымен қатар келесі жылы барлық автомобиль өткізу бекеттерін қайта жаңғырту міндеттелді. Президент шекарадағы ұзын-сонар көлік кезегі Қазақстанның транзиттік әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіретінін айтты. Мемлекет басшысы халықаралық көлік дәліздерін дамыту мен жол бойындағы қызметті жетілдірудің маңызын да атап өтті. Бұл жұмыстар Қазақстанның Еуразиядағы көлік-логистикалық орталық ретіндегі әреуетін арттырып, отандық тасымалдаушыларды қолдауға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz