RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық кәсіпкерлердің ЕАЭО нарығындағы көкжиегі кеңейеді

28.10.2026, 17:30 43

Құрылтай Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты реттейтін заңды қабылдады, деп хабарлайды 24KZ.

Маңызды құжатта одақтың ішкі нарығы, техникалық реттеу, қызметтер саудасы мен инвестициялар, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу, ортақ электр энергетикасы нарығы сынды салаларды дамыту көзделген. Мұнымен қоса, техникалық регламенттерді біркелкі қолдану, ортақ электр энергетикасы нарығының жұмысын реттеу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру тетіктері жетілдірілмек. Келісімде банктік кепілдіктерді өзара тану бекітіледі. Бастама отандық кәсіпкерлерге қазақстандық қаржы ұйымдарының кепілдігі болған жағдайда Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу нарықтарына шығуға мүмкіндік жасайды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Бұған дейін басқа мүше мемлекеттер банктерінен кепілдік алу талап етілген. Бұдан басқа, әкелу кедендік баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасу жөніндегі нормалардың қайталануы жойылады, өйткені мұндай ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген. Сондай-ақ Комиссияның мүше мемлекеттер ұсынатын ақпаратты пайдалану мақсаттары нақтыланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz