RU
Толық нұсқаға өту

Вице-Президент Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыруға қатысты басты міндеттерді талқылады

28.10.2026, 23:10 44

Вице-Президент Ерлан Қарин Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен тиісті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен идеологиялық кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Ең алдымен Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда көтерген бастамалары еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі дамуының іргетасын қалайтынын атап өтті. Вице-Президенттің айтуынша, тиісті мемлекеттік органдар Президент бастамалары мен тапсырмаларын сапалы орындауға баса назар аударуы тиіс. Кеңес қорытындысы бойынша Вице-Президент тиісті мемлекеттік органдардың алдына Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға қатысты алдыңғы кезектегі міндеттердің үш негізгі бағытын белгіледі. Бірінші міндет – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі іске асыру жөніндегі стратегиялық құжаттар мен жоспарларды уақытылы әзірлеу. Екінші міндет – Президенттің әлеуметтік маңызы бар бастамаларын заңнамалық тұрғыдан сапалы қамтамасыз ету. Үшінші міндет – тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру. Вице-Президент осы міндеттерді нәтижелі орындау үшін мемлекеттік аппаратты белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz